Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраудағы көне Сарайшық жаңа кейіпке енбек

  • AstanaTV
  • 21 ақпан 2018
  • 2976

Атырау іргесіндегі көне қала Сарайшық туристер тоқтайтын заманауи орталыққа айналады. Бұл туралы облыс басшысы Нұрлан Ноғаев халық алдындағы есеп беру жиынында айтты. Жеті хан жерленген тарихи қалашық Жайық өзені жағасында орналасқан. Жыл сайын көктем кезінде өзен суы шайып, құрып кетудің алдында тұр. Былтыр  жағалауды бекіту жұмысына облыс қазынасынан 1,6 млрд теңге бөлініп, қорғаныс бөгетінің құрылысы басталған. Биіктігі 3, ұзындығы мың жарым метрге созылатын бөгет келесі жылы аяқталмақ. Ал биылдан бастап туристер үшін барлық жағдай жасалған кешен болады деп күтілуде. Оған жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардан ақша тартылмақ.  Ал, тұрғындар "Ардагер" ықшам ауданындағы бөгеттерді қаскөйлердің бұзып алып жатқанын айтты. Зейнеткер ықшам ауданды су баса ма деп қауіптенеді. Нұрлан Ноғаев жауапты мекеме мамандарына жағдайды анықтауға тапсырма берді.

Ғәріпжан Тұқпатов, Атырау облысының тұрғыны:

Жағаға салған плиталардың астыңғы топырағын қазып алып,  бүкіл плитаның жағдайы қандай жағдайға ұшыраған. Земелный комитетке бардым, олар арызыңызды қабылдамаймыз, қазып жатқан кісілердің фамилиясын алып кел деді. Онда несіне земельный комитетті ұстап отырмыз, несіне табиғат қорғау прокуратурасын ұстап отырмыз?