Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда 7 кәсіпорын жұмысшыларына 27 миллион теңге берешегін өтемей жүр

  • AstanaTV
  • 22 ақпан 2018
  • 2524

Қызылжарда 7 кәсіпорын жұмысшыларына 27 миллион теңге берешегін өтемей жүр. Бұл ақпаратты бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жариялады. Министр алғашқы жұмыс сапары кезінде 140 жұмысшының жалақы ала алмай жүргенін мәлімдеді.

5 кәсіпорын банкрот деп танылған. Оның қызметкерлер алдындағы қарызы 11 миллион теңгенің маңайында. Ал «Қайранкөл-Астық» пен «Николаев астық қабылдау бекеті» серіктестіктері халыққа 16 миллион теңге қайтармай жүр. Бұл компаниялар бүгінде жұмысын тоқтатқан. Алайда, сот оларға банкрот жариялауға мүмкіндік бермей отыр. Сондай-ақ,  Қызылжарда 200-ден астам кәсіпорын мамандарының зейнетақы төлемдерін қысқартқан. Министр құзырлы органға бұл мәселемен жіті айналысуды тапсырды.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Солтүстік Қазақстан облысында 50-ден астам штаттық қызметкері бар 499 кәсіпорынның 40 пайызы міндетті зейнетақы төлемдерінің сомасын кеміткен. Оның ішінде 42 ірі және 155 шағын кәсіпорын. Бұл компаниялардың қызметін тексеріп, мәселенің түпкі себебін білген жөн.