Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда керікті қолдан тамақтандыруға мүмкіндік туды

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2018
  • 2750

Алматы хайуанаттар бағы бір қап ағаш қабығына керікке қолдан тамақ беру мүмкіндігін ұсынып отыр. Таңсық жануарлар үйінің жетекшісі Александр Гурневтің айтуынша, бюджеттегі қаражат көп жұмыстарды жүзеге асыруға жетпейді. Сондықтан ұжым қызметкерлері өз тарапынан осылайша әрекет жасауға көшіпті. Көпшіліктен тасада ұсталатын жануарлар арасында өте қауіпті, әрі улы жыландар да бар

Александр Гурнев, Алматы хайуанаттар бағы таңсық жануарлар үйінің жетекшісі:

Ағаш қабығы бізге ауадай қажет. Оны әр жануардың тіршілік ететін ұясына төсейміз. Сырлы кірпіш пен бетонның сызына төтеп беретін табиғи өнім болғандықтан, қайта-қайта сатып алуға қаражат жетпейді. Сол себепті, осындай хабарлама жарияладық. Кез-келген адам ағаш қабығын алып келсе, улы жыландар әлемімен таныстырамыз, керікке қолдан тамақ беру мүмкіндігін ұсынамыз.

Маманның мәліметіне сүйенсек, аталған ағаш қабығын кез-келген бау-бақшамен айналысатын орталықтардан, дүкендерден сатып алуға болады. Бір қабы шамамен 3-4 мың теңгенің айналасында.