Русский Сайттың толық нұсқасы

Е.Тәтішевтің телефоны тыңдалып отырды - куәгер

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2018
  • 3166

Экс-банкир Ержан Тәтішевтің телефоны қатаң бақыланып, әрбір қоңырауын таспаға жазу жөнінде жоғарыдан арнайы бұйрық берілген. Мұратқан Тоқмәдиге қатысты өтіп жатқан сот отырысында куәгер Олег Репников осылай деді.

Олег Репников, куәгер:

2004 жылы маған банкир Тәтішевтің телефонын тыңдайсың деген тапсырма жүктелді. Мен тездетіп тапсырманы Алматыдағы басқармаға жүктедім. Сөйтіп Тәтішевтің аузынан шыққан әр сөз жазыла бастады. Ол таспалардағы ақпарат  маған жіберіліп отырды. Мен оны қағазға түсіріп, кейін конвертке салып, төрағаның «жеке өзіне» деген белгімен қабылдау бөліміне апарып отырдым.

Олег Репников сол кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы болған. 2008 жылы қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып, 4 жылға сотталады. Бірақ 2 жылдан соң рақымшылықпен босап шыққан. Оның айтуынша, арнайы операция аясында, Тәтішевтің өзі ғана емес, туыстары да түгел тыңдалған. Тәтішевтің телефоны арқылы жазылған ақпараттар қандай мақсатта қолданылғаны сотта ашық айтылмады.

Айта кетейік, Тоқмади ісіне қатысты куәгерлер саны - 78. Бүгінде олардың 80 пайызынан жауап алынған.