Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күнімен құттықтады

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2018
  • 2543

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. "Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді",- делінген құттықтауда. "Мейірімділік пен бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсіністіктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бүкіл қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын",- деді Мемлекет басшысы.