Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда компартия төрағасының құзыретін шектемеу ұсынылды

  • AstanaTV
  • 26 ақпан 2018
  • 2278

Қытай басшысы Си Цзиньпиннің төрағалығы ұзаққа созылуы мүмкін. Коммунистік партияның орталық комитеті Конституциядағы осыған қатысты бапты алып тастауды ұсынды. Айта кетейік, Қытай Халық Республикасының ата заңына сай ел басшысы мен оның орынбасары қатарынан екі рет қана сайлана алады. Компартия өкілдері 64 жастағы көшбасшы Си Цзиньпиннің төраға тағында 2023 жылдан кейін де қалғанын қалап отыр. Мұны Синьхуаға сілтеме жасап, Рейтерс хабарлады.

Конституцияның бабына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс партияның орталық комитетінің жиынында талқыланбақ. Кейін шешім қабылдау үшін Бүкілқытайлық жиынға жолданады. Айта кетейік, Си Цзиньпин Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы ретінде өткен жылы қазанда қайта сайланған.