Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқмади Тәтішевті 12 см қашықтықта атып өлтірген - маман пікірі

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2018
  • 2462

Мұратхан Тоқмади банкир Ержан Тәтішевті 12 см қашықтықта атып өлтірген. Америкадан арнайы келген тәуелсіз сарапшы Ирис Делли бүгін сотта өзі жасаған сараптама қорытындысын жария етті.

Ирис Делли, криминалист сарапшы:

Менің кісі өлімін тергеуде тәжірибем жетерлік. Көлік ішіндегі кісі өлімін анықтау үшін, моделді анимация жасадым. Көлік салонының көлемін сыздық. Қару арттағы адам арқылы қолданылған. Нақтылай айтсам, оқ тиген адамның басы мен қарудың қашықтығы 12 см. Бұл максималды өлшем. Тым жақын дегеннің өзінде 6 см болады.

Шетелдік мамандар Қордайдағы қылмыс болған жерде зерттеу жүргізген. Сараптама тобының жетекшісі Майкл Патрик Мёрфидің айтуынша, «Зауэр» маркалы неміс винтовкасы өздігінен атылмаған.

Майкл Патрик Мёрфи, криминалист топтың жетекшiсi:

Біз істі компьютерлік модульдер арқылы зерттедік. Ержан Тәтiшевті көліктің артындағы адам атқан. Өлтіруге әдейi әрекеттенген. Ал қасындағы адамның қатысы жоқ. Рөлдегі адам алға қарап келе жатқанда өлтiрiлген. Бұған оқтың ұшуы мен марқұмның ми сұйықтығының шашылу бағыты дәлел. 12-ші калибрлі винтовка өте қымбат қару. Ол ешқашан өздігінен атылмайды. Қаруды тазалайтын адаммен де тілдестік. Ол қарудың жағдайы жақсы болғанын айтты.

Айта кетейік, шыны королі Мұратхан Тоқмадидің ісі Таразда қаралып жатыр. Америкалық мамандар сот отырысына жәбірленуші тараптың шақыртуымен келген. Бұл Тәтішевтің өлімі бойынша сараптама жасаған бесінші топ. Бұған дейін отандық мамандар 4 рет сараптама жүргізген.  

Данияр ӘЛІМҚҰЛ