Русский Сайттың толық нұсқасы

Елордада иммун тапшылығы вирусына шалдыққандар саны 33 адамға толықты

  • AstanaTV
  • 27 ақпан 2018
  • 2955

Биыл елордада иммун тапшылығы вирусына шалдыққандар саны 33 адамға өскен. Бұл туралы Астана қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері Сәбит Әбдірайымов мәлімдеді. Қазір орталықта 887 науқас осы дертпен есепте тұрған көрінеді. Оның айтуынша, кәсіпкерлік салада ВИЧ-ке қатысты түсінбеушілік белең алған. Қазақстан әлем бойынша індеттің таралуы жағынан төменгі орында. Бірақ бизнесмендер мұндай науқастарды жұмысқа қабылдамау көрсеткішінде әлем бойынша 100-ші орында тұр.

Сәбит Әбдірайымов, Астана қалалық СПИД-ке қарсы күрес орталығының бас дәрігері:

АИТВ індетінің бизнеске ешқандай да әсері жоқ. Яғни, ол аурулар белгілі болғандықтан, үкімет әлеуметтік маңызы бар ауру қатарына жатқызғандықтан, емі тегін. Сондықтан бұл бизнеске ешқандай әсері болмайды.