Бас прокуратура сайлауға
қатысты ҚР «Прокуратура туралы» заңының бабтарына сәйкес үндеу жариялады.
Бақылаушы органның ресми сайтында электоралды науқанның барысы мен үгіт-насихат
жұмыстарының шарт-талаптары түсіндірілген.
«Конституциялық заңның
27-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгiт бұқаралық ақпарат құралдары
арқылы, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе)
тарату жолымен жүзеге асырылады. Сайлау алдындағы үгiт заңнамада белгiленген
тәртiппен және Конституциялық заңда тыйым салынбаған сайлау алдындағы жария
iс-шаралар (сайлаушылармен жиналыстар және кездесулер, жария пікір таластар мен
пiкiр алысулар, митингiлер, шерулер, демонстрациялар және өзге де жария
іс-шаралар) арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін».
Азамат АЛДОҢҒАРОВ