Русский Сайттың толық нұсқасы

"Нұр Отан" президенттің бес бастамасын кезең-кезең бойынша бақылауға алады

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2018
  • 3221

"Нұр Отан" партиясы президенттің бес әлеуметтік бастамасын кезең-кезең түсіндіруді қолға алады. Алдымен жауапты мемлекеттік органдардан ақпарттар жиналады. Содан соң, бастамаларды іске асыру механизмін жасауға да атсалыспақ. Кейін олардың жүзеге асырылуы бойынша мониторинг жүргізіледі.

Тамара Дүйсенова,  «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Біз сіздермен бірге осы жобаларды талқылауға қатысамыз және әр бағыттың іске асырылуына тікелей қатысатын боламыз. Содан соң, бастамалар бойынша қызметтерге қалай қол жеткізуге боларын халыққа түсіндіреміз.

Ал, Астанаға көгілдір отын жеткізетін "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы келесі жылы шілдеде аяқталады. Қызылорда - Астана арасына 270 млрд теңге қаражат жұмсалады деп жоспарланған. Астанадан әрі Петропавлға созу үшін 370 млрд қаралған. Казкадастр жоба құрылысын биыл мамыр-маусым айларында бекітеді, дейді жауапты министрлік өкілі.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Приступить к строительству магистрального газопровода и провести торжественную церемонию первого стыка газопровода планируется в начале июля текущего года.