Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев: Сайлау - партияға да, елге де сын сағаты

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2016
  • 1822

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының республикалық сайлауалды штабының жұмысымен танысты. Кездесу барысында партия төрағасы өңірлік штаб жетекшілері мен өкілдерінің алдағы науқанға дайындығы жөніндегі баяндамасын бейне байланыс арқылы тыңдады. Елбасы бұл электоралды науқанда парламенттік сайлаудың мәслихаттар сайлауымен қатар келуімен ерекшелетінін атап өтті. Президенттің сөзінше, кез-келген сайлау - саяси партиялар ғана емес, халықтың тұтастығы сыналатын науқан.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сайлау деген партияға да, елге де сын уақыт, сын сағаты. Осы сыннан жақсылап өтуіміз үшін, үлкен ұйымдастырушылық жұмыс жасау керек, әр нұротандықтың жауапкершілігі болуы керек, оның барлығын атқарып отырған республикалық штаб, облыстық штабтар бір-бірімен бірге істеп, жақсы нәтижемен сайлауды өткізуіміз керек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ