Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл әскер қатарын 35 мыңдай жас сарбаз толықтырады

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2018
  • 3555

Биыл еліміздің әскер қатары 35 мың сарбазға толығады. Бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің өкілдері айтты. Қорғаныс істері саласы мамандарының мәліметінше, соңғы 15 жылда елде әскерден жалтарғаны үшін сотталған азаматтар болмаған. Қарулы Күштер құрылымындағы жауынгерлер мен сержанттардың 70 пайызы келісімшарт бойынша, ал қалған 30 пайызы мерзімді әскери қызмет бойынша міндетін атқарып отыр. Ал әскерде борышын өтеп жүрген әрбір сарбазды қамтамасыз етуге жылына 1 млн 600 мың теңге жұмсалады екен. Әскерилер ел қорғаудан қашатын жастарды қандай жаза күтіп тұрғанын да жайып салды.

Ғани Артықов, Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары: 

1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, егер ол әскери бөлімге қашып кетіп отыратын болса, әсери комиссияны өткеннен кейін. Болмаса қасақана жалған құжаттарды дайындап, болмаса қасақана өтірік ауырған болатын болса, сондай жағдайларда жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Болмаса 1000 АЕК, 3000 АЕК айыппұл салынуы мүмкін.