Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшылар кеңесінде сайлаудағы саяси партиялардың мүмкіндіктері сараланды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2016
  • 1377

Саяси додаға түскен барлық саяси партияларға жеңіске жетуге тең мүмкіндік беріліп отыр. Мұндай пікірді бүгін Алматыда өткен сарапшылар кеңесінде «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев білдірді. Саясаттанушының айтуынша, мәжілісте болған саяси партиялар тәжірибелерін пайдаланып, жеңіске жетуге тырысады. Ал «Ауыл» партиясының тұщымды жобалары бар, сондықтан мәжіліс құрамынан көрінуі ықтимал деп болжады. Ал қалған ұйымдар сылбырлық танытуы мүмкін дейді.

Андрей Чеботарев, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры:

Қазірше біздің осындай болжамдарымыз бар. Менің ойымша, алдағы Парламенттің төменгі палатасы да сол үш партиялық форматта жасақталады. Сондықтан дода басталды. Кімнің қандай мүмкіндігі барын, әрине, сайлаушы анықтауы керек. Бірақ осы жолғы заң шығарушы орган сапынан «Ауыл» партиясы да көрінуі мүмкін. Әрине, мұны асығыс жасалған болжам деп те айтуға болады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ