Қызылжарда қоғамдық көліктер зейнеткерлерді ақысыз тасымалдады. 11 мыңнан астам қария бүгін діттеген жеріне ақша төлемей тегін жетіп алды. Бұл шара Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған. Шахардың түкпір-түкпіріне қатынап, біраз қаржысын үнемдеген қариялар жолаушы тасымалдау компанияларына алғыс айтты. Мұндай игі шаралар жиірек ұйымдастырылса дейді.
Лидия Очеренкова, Петропавл қаласының тұрғыны:
Жай күндері қарапайым тұрғындар сияқты жолақысын 80 теңгеден төлеп жүрміз. Зейнетақымыздың біраз бөлігін осыған кетеді. Тегін қылса, қуанар едік.
Бұл акция 3 жыл қатарынан
өткізіліп жатыр. Аавтокөлік одағы қауымдастығының өкілдері жолақыны барлығына
бірдей тегін қылуға қауқарсыз екенін айтады. Бір автобустың шығыны жанармай мен
жүргізушінің жалақысын қосқанда шамамен 15 мың теңге. Қалада 300-ге тарта
қоғамдық көлік болса, тұрғындарды жаппай тегін тасу бір күнде 4,5 миллион
теңгеге түседі екен.