Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда қоғамдық көліктер зейнеткерлерді ақысыз тасымалдады

  • AstanaTV
  • 01 наурыз 2018
  • 2047

Қызылжарда қоғамдық көліктер зейнеткерлерді ақысыз тасымалдады. 11 мыңнан астам қария бүгін діттеген жеріне ақша төлемей тегін жетіп алды. Бұл шара Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған. Шахардың түкпір-түкпіріне қатынап, біраз қаржысын үнемдеген қариялар жолаушы тасымалдау компанияларына алғыс айтты. Мұндай игі шаралар жиірек ұйымдастырылса дейді.

Лидия Очеренкова, Петропавл қаласының тұрғыны:

Жай күндері қарапайым тұрғындар сияқты жолақысын 80 теңгеден төлеп жүрміз. Зейнетақымыздың біраз бөлігін осыған кетеді. Тегін қылса, қуанар едік.

Бұл акция 3 жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Аавтокөлік одағы қауымдастығының өкілдері жолақыны барлығына бірдей тегін қылуға қауқарсыз екенін айтады. Бір автобустың шығыны жанармай мен жүргізушінің жалақысын қосқанда шамамен 15 мың теңге. Қалада 300-ге тарта қоғамдық көлік болса, тұрғындарды жаппай тегін тасу бір күнде 4,5 миллион теңгеге түседі екен.