Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауылда кооперация құру бағдарламасы тиісті нәтиже берген жоқ

  • AstanaTV
  • 02 наурыз 2018
  • 2981

Ауылдарда кооперация құру бағдарламасы тиісті нәтиже бермеген сыңайлы. Бір жыл ішінде құрылған кооперациялардың тең жартысы қағаз жүзінде ғана жұмыс істеген. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Мұндай кооперациялар таза субсидияға құрылған. "Шағын шаруалардан ет, сүт жинау арқылы аграрияны дамыту мүмкін емес. Одан да өнім шығаратын, өндіріспен айналыстан ірі фермелерді қолдауға күш саламыз", - дейді министр.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:

Мың кооператив құрылды. Оның 700-і былтыр. Оның жұмыс істеп тұрғаны 50-60 пайыз. 40 пайызы формалды түрде құрылғанын анықтап отырмыз. Бұл мәселені қайта талқылап, осы бағдарламаға біршама өзгерістер енгізіп, қайтадан Үкіметпен талқылап, шешім қабылдаймыз деп отырмыз.

Шөкеевтің айтуынша, кәсіпке икемі жоқ ауылдағы әр үйге қаржы шығындау қателік. Оларды өңірдегі ірі өндіріс ошағы жанында жұмыс істеуге икемдеу керек, дейді. Сондай- ақ алда сүт, ет, мал басы, гектарға қатысты субсидиялау азаяды. Ауыл шаруашылығын тікелей қаржылай қолдау тәсілі, жанама қолдаумен ауысады. Мәселен, арзан несие беру секілді. Биыл ауыл шаруашылығына бөлінетін 54 субсидияның тағы 15 түрі қысқарады. Қайсысы екені қазір талқыланып жатыр. Осы орайда министрлік ірі өндіріс ошақтарын аралап, көшпелі жиындар өткізіп жүр.