Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасымыздың бастамалары жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар - Н. Нығматулин

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2018
  • 3855

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі бастамалары - халқымызға жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадам. Бұл еліміздің болашағы үшін аса маңызды жобалар. Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деп пікір білдірді. Бұл ретте заң шығарушы орган Елбасы қойған маңызды міндеттерге сай заңнамалық жұмыстарды жетілдіруге әзір,- дейді мәжіліс спикері.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі бастамалары - елімізге, халқымызға жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар. Ол біздің еліміздің әрбір азаматына баспана, салық және білім жағынан жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталып отыр. Сондықтан Президентіміздің осы тарихи бастамаларын өте жоғары деңгейде, сапалы заңдармен қамтамасыз ету - ол Парламенттің ең негізгі, ең жауапты, ең абыройлы міндеті.

Бес әлеуметтік бастама - ең алдымен Қазақстанның әлеуметтік іргесін мықтап бекітуге бағытталған. Мәжіліс депутаттарының пікірі осыған саяды. Ел болашағы жастардың қолында десек, сол жас буынға жасалып отырған қамқорлық. Қосымша білім гранттарын бөлу мен студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету бастамасы осының айғағы, дейді мәжілісмендер.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Елімізде көп нәрсе жасалып жатса, жасалатын нәрсе әлі алдымызда. Елбасымыздың әр жолдауы, әр халықпен кездесуінде айтатын ойы - халықтың жағдайын қалай да болса жақсарту.

Берік Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Жастарға өте қолайлы. Мысалы, ең бірінші бастама арзан және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Жылдан жылға осы бағдарлама іске асырылып келе жатыр. Бірақ осы бүгінгі айтылған бастама әр қазақстандықты жоспардағыдай өз баспанасымен қамтамасыз ететін болады.