Русский Сайттың толық нұсқасы

«7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылуына жауаптылар белгіленді

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2018
  • 2487

Үкімет бір апта ішінде президент тапсырған бес бастаманың Жол картасын әзірлеуі тиіс. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Ол 13 наурызда-ақ әрбір министрге атқарылған істі баяндауды тапсырды. Үкімет басшысы президенттің бес бастамасын министрлерге теңдей бөліп берді. «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асырылуына Данияр Ақышев пен Жеңіс Қасымбек жауапты. Ұлттық банк арнайы ұйым құру арқылы жаңа ипотекалық «7-20-25» бағдарламасын дайындайды. Оның шарттары Президент тапсырғандай несие мөлшерлемесі жылына 7 проценттен, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайтын болады. Мерзімі - 25 жылға дейін.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Ипотекалық бағдарлама бойынша жауапты - Ұлттық банк, Үкімет тарабынан Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Асқар Ұзақбайұлы сіздің бақылауыңызда.

Білім және ғылыми министрлігіне жаңа экономикада сұранысқа ие мамандар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту жүктелді. Жалақысы аз жұмысшылардың салығын азайтуды Ұлттық экономика министріне тапсырды. Шағын несиені көбейту ісіне жаңа министр Мәдина Әбілқасымова жауап береді. Энергетика министрі Астана мен солтүстік өңірді газдандыру жұмысымен айналысады.

"Сарыарқа" жобасын іске асыру үшін бір апта ішінде жұмыс тобын құрып, қаржыландыру мәселесін қарастыру тапсырылды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Мүдделі мемлкеттік органдарға Паралменттің қарауына енгізу үшін қажетті заңнамалық өзгерістерді наурыз айының соңына дейін әзірлеуді тапсырамын. Бұл жұмыс Парламенттің жазғы сессиясы аясында аяқталуы тиіс. Парламент бізден бұл заң жобаларын күтіп отыр. Елбасы да кеше парламентке өз ұсынысын жеткізген болатын. Оны өздеріңіз естідіңіздер.