Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел экономикасы әлем елдерінің қарқынына жетті - М. Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2018
  • 2463

Ел экономикасы әлем елдерінің қарқынына жетті. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін аймақтармен талқылау барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, елдің экономикасы талай қиыңдықтарға тап  болса да, кейінгі жылдары Елбасының нақты тапсырмаларының арқасында әлемдік тенденция қарқынына келіп жетті. Сонымен бірге, Мәулен Әшімбаев «Қолжетімді баспананың» еліміздегі ең басты әлеуметтік мәселе екенін, бағдарламаның халыққа үлкен мүмкіндіктер ашқанын атап өтті. Отырыс соңында партияның өңірлердегі филиал басшыларына осы бағытта бірқатар тапсырма берді.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасының ұсыныстары халықымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша әсер тигізетіні сөзсіз. Бүкіл әлем бойынша әлеуметтік бағдарламалар кейінге шегеріліп, үкіметтер бұрынғы міндеттерінен бас тартып жатқан аумалы-төкпелі шақта мемлекет басшысы осындай батыл бастамаларды қолға алып отыр. Осылайша, Елбасымыз кезекті рет халықтың әлеуметтік жағдайы әрдайым басым бағыт болып табылатындығын іс жүзінде дәлелдеп отыр.