Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда әйелдердің бизнестегі үлес салмағы 46,5 пайызға жетті

  • AstanaTV
  • 06 наурыз 2018
  • 2625

Қазақстанда бизнеспен айналысатын әйелдердің саны ерлерден асып түсуі мүмкін. Бұл туралы Ranking.kz. хабарлады. Сарапшылардың мәліметіне сай, қаңтардың аяғында елде 1,2 миллиондай жеке кәсіпкер тіркелген. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 9,8 мыңға артық. Бүкіл кәсіпкерлік нысандардың 561 мыңын әйелдер басқарады. Салыстырмалы түрде алсақ, бір жылда шағын кәсіпкерлікке ден қойған арулар қатары - 1,1 пайызға артқан. Ал ерлердің көрсеткіші  0,6 пайыз. Осылайша, әйелдердің бизнестегі үлес салмағы 46,5 пайызға жетті. Қыз-келіншектердің кәсібі көбіне білім, мемлекеттік басқару мен қорғаныс, сондай-ақ жылжымайтын мүлік салаларын қамтиды екен.