Мереке
және демалыс күндері еліміздің кей өңірлерде жауын-шашын болып, қатты жел тұруы
мүмкін. Жалпы, ауа райы аса құбылмалы болады. Синоптиктер болжамы осындай. Яғни көктемнің алғашқы
мерекесіне тұспа тұс келетін демалыс күндерінде республиканың оңтүстік,
оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде жаңбыр жаууы ықтимал. Екпіні қатты жел
тұрады. Кей жерлерде дауылдың күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал еліміздің
батыс, солтүстік және орталық облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ
кей жерлерде көк тайғақ болады деп күтіліп отыр.