Русский Сайттың толық нұсқасы

Костенко шахтасының кеншілері басқа кен орындарына ауыстырылады

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2018
  • 2600

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасының кеншілері басқа кен орындарына ауыстырылады. Өйткені кәсіпорындағы өрт әлі сөнбеген. Мамандар, көмірдің өздігінен жануын табиғи құбылыс, дейді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салсақ, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты шахтада екі күн бұрын өрт шыққан. Желдеткіш маңындағы көмір толассыз жанып жатыр. Жапа шеккендер жоқ. Қазір шахтада жұмыс істейтін мыңнан астам адамның үш жүзін еңбек демалысына жіберу жоспарланған. Тағы осынша адамды шаруашылық жұмыстарға қалдыру көзделіп отыр. Ал өзге кеншілер Күзембаев, Абай және Саран шахталарына ауыстырылмақ. Компания басшылығы, апат еш қауіп тудырмайды, деп мәлімдеген. Кен орнында өртті сөндіру шаралары жалғасып жатыр.