Русский Сайттың толық нұсқасы

Кәсіпкерлерге берілетін несие, «опектің» мұнай өндірісі...

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2016
  • 1742

Кәсіпкерлерге берілетін несиелерге келсек: 


Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі: 

В случае недостаточности залоговых средств, (аударма) – Кепілге қоятын қаржы тапшы болса, кәсіпкерлер несие көлемінің 50 пайызына дейін кепілдік ала алады. Экономиканың басым бағыттарында ол 360 млн теңгеге дейін. Шағын қалалар мен ауылдардағы түрлі салаларды қамтитын жобалар бойынша 180 млн теңгеге дейін. Бұл мақсатқа биылғы бюджетте қарастырылған 14 млрд теңгеге қосымша 7 млрд теңге құйылады. 5 млрд-ы мөлшерлемелерді субсидиялауға, 2 млрд-ы кепілдікке. 

Ал орта және шағын кәсіп иелері несие транштары туралы естіген сайын елеңдеуді де қойған. Себебі сол баяғы - несие қымбат. ШҚО шағын және орта бизнесте жүргендердің кәсіподағын басқаратын Галина Казанцева ұйымның былтыр 700 өкілге қысқарғанын айтады.

Галина Казанцева, ШҚО шағын және орта бизнес жұмыскерлері кәсіподағының төрайымы:

Мы в надежде на то, что каждый раз, ( аударма)– Президентшағын және орта бизнеске кезекті рет қаржы берілетінін кезекті рет айтқан сайын қаржы ақша бағытталғандарға жететін шығар деп үміттенеміз. Алайда банктер ол кредиттерді жақсылап «айналдырады» - пайыздық ставкасы масқара. Ақша бар, бірақ жұрт ала алмайды.

Апта басында министрлер кабинетінің жетекшісі бір апта ішінде республикалық бюджетті түзетіп алып келуді тапсырды. Биылғы бюджетте теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы 300, мұнайдың баррелі 40 доллар деп есептелгені мәлім.

Айтатын тағы бір жаңалық – наурыздың 1-нен бастап экспорттық кеден салығы құбылмалы болмақ: егер мұнай баррелі 25 доллардан төмен болса, бұл салық нөлге теңеседі, баға бұл мөлшерден асса, салық бекітілген шкалаға сәйкес, қойылады.

Осы аптада Ресейдің энергетика министрі Александр Новак Сауд Арабиясы, Катар, Венесуэламен мұнай өндірісін 11-қаңтардағы деңгейде қатыруды келісті деген ақпар тарады. Келісім жүзеге асады, егер мұнай өндіретін басқа елдер де қосылса. Бұл бағаны тұрақтандыру үшін жасалған қадам деп түсіндіріледі. Алайда Иранның мұндай қадам жасамайтыны айдан-анық. Олар керісінше, санкциялар алынған соң, мұнай өндірісін көбейтетіндерін әлдеқашан мәлімдеген. Екіншіден, РБК ресурсына комментарий берген мұнай компаниясындағы ақпарат көзі «күннің» жақсы таңдалғанын айтқан: 11-қаңтар мұнай молынан өндірілген күн, сондықтан оны сақтап қалу қиын емес»- деген. Мысалы, қаңтар айында Сауд Арабиясы 10,2 млн баррель, Ресей 10,9 млн баррель мұнай өндірген. Сонда, бұл келісімнің мәні бар ма? «Новые Известия» порталы жүгінген сарапшы «мұнай бағасына саяси әрекет әсер ете алмайды, тіпті Сириядағы соғыс, Сауд Арабиясы мен Иранның текетіресі әсер етіп отырған жоқ. Тек, соғыс мұнайды молынан өндіретін және тасымалдайтын аудандарда басталса, бағаға әсер етуі мүмкін. Өндіріс тоқтап пен тасымалдау бұзылса, мұнай бағасы сөз жоқ, аспандайды» деген. Мұнай бағасын сәл-пәл көтергендей болған НАРЫҚ  әңгіменің мұнай өндірісін азайту туралы еместігін «түсінгесін», бағаны қайта түсірді. Біз оқып шыққан материалдардың бәрінде дерлік аталған уағдаластықты «формальді» деп сипаттайды.