Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жұмыс тауып беремін» дейтін алаяқтар көбейген

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2016
  • 2133

Маңғыстау облысында «күшті жұмысқа орналастырып беремін» деген алаяқтарға алданып, қалталарынан жалпы сомасы 16 млн теңге суырып берген азаматтар шағымданыпты. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасы. 

«200-300 мың теңге жалақысы бар қызметке орналассам, неге бермеске» дегендердің арасында несие алғандар бар. Тағы да несие... 

Мысалы, ақпан айының басында «Маңғыстау-3»ауылының тұрғыны мұнай компаниясына тұратынына сеніп, 5 мың доллар берген. Ол негізі інісін орналастырғысы келіпті.  Әйтеуір Қайрат есімді алаяқ Кентау қаласының тұрғыны, ұсталыпты.  Тағы бір алаяқ 5 адамды алдап соққан. Ол «құдай-ай болып кетсе» деп дәмеленіп жүргендерден 6 млн теңге және 8200 доллар алып алған. Ақтауда тұратын бір әйел екі еркекті 2 млн 400 мыңға «отырғызған». Танысының күйеуін 625 мың теңгеге орналастыруға уәде берген беті қалың тағы бір әйел бар. «Мұндай уәдеге сенбеңдер» деп айта да алмайсың. Себебі жұмысқа орналасутаныс пен пара беру арқылы шешілетіні өтірік емес. Қайсы «алаяқтың» шынымен орналастыратынын кім білсін?..