Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырым Украинаға қайтарылмай, АҚШ антиресейлік санкцияны жалғастырмақ

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2018
  • 2277

Қырым Украинаға қайтарылмай, Америка антиресейлік санкцияны жалғастырмақ. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Нойерт осындай мәлімдеме таратты. Мұны Қырымның Ресейге қосылғанына 4 жыл толуына орай хабарлаған.

АҚШ тарапы Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын мойындау жөніндегі міндеттемелері бар деп отыр. Ал Қырым Украинаның бір бөлігі деп санайды. Сондықтан мәлімдемеде, Ресей жарты аралды қайтармайынша, АҚШ антиресейлік санкциялары сақталатыны жазылған.