Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жылу құбырларының 70-80 пайызы ескірген

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2018
  • 2612

Қарағандыдағы жылу жүйесінің апаты құбырлардың әбден ескіруінен болған. Қаланың оңтүстік шығысындағы жылу магистралінен былтырдан бері 50-шақты кінәрат анықталды. Жылуға жауаптылар 70-80 пайыз құбыр ескірген деп отыр. Бұл жолы құбырдың жарылуынан 140-тан астам көпқабатты үйде жылу мен ыстық судың температурасы төмендеген. Бұл туралы «Теплотранзит Қарағанды» мекемесінің басшылығы мәлімдеді.

Александр Акишин, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС техникалық директоры:

Бұл аумақ әбден тозған. 5 жылдан бері оны жөндеуге тырыстық. Алдағы жазда «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы жөнделеді деп жоспарлап отырмыз.  2 шақырымнан асатын құбырды жаңартуға 1 млрд 100 млн теңге шамасында қаржы бөлінеді.

Айта кетейік, кеше кешкісін қаланың оңтүстік-шығысында жылу құбыры жарылып, 5 шағын ауданның көпқабатты үйлері қосалқы жылу жүйесіне қосылған. «Теплотранзит Қарағанды» серіктестігінің өкілдері жарылған құбырдан аққан ыстық су жерге тез сіңіп кеткенін айтады. Дегенмен пәтерлерде жылу температурасы қалыпты деңгейден 5 градусқа төмендеген. Мамандар кешке дейін қолайсыздық толығымен жойылады,- деп отыр. Апат орнында жөндеу жұмыстары аяқталған