Русский Сайттың толық нұсқасы

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кеңесі. Ертең Ресейде президент сайлауы.

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2018
  • 2805

Бейсенбіде Ақтаудан Алматы арқылы Ташкентке кетіп бара жатқан өзбек келіншегі Маңғышлақ-Алматы пойызында босанып, ұл тапқан. «Жолаушылар тасымалының» баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолсеріктер мен пойыздың бастығы толғағы басталған әйелге қажетті көмек көрсетіп, Сексеуіл станциясына жеткенде дәрігер қарауына тапсырған. Жолсеріктердің купесінде туған баласына анасы Дениз деген есім беріпті. Арал аймағында туғасын бізше айтқанда Теңіз есімін арқалаған қаны өзбек нәресте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Астанадағы кездесуімен тұспа-тұс дүниеге келген. Бұл әрине, таза символдық теңеу. Ал саяси бағасына келсек, саясаттанушы Досым Сәтпаев «мұндай кездесудің ұйымдастырылуының өзі тарихи оқиға» деп сипаттады. Тағы бір саясаттанушы Расул Жұмалы да «аса маңызды жүздесу» деп бағалайды.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

Енді жеке дара кездесіп, сыртқы мемлекеттердің қатысуынсыз шешуі, тарқатуы керек-ақ мәселе. Қордаланған мәселе аз емес. Шекара мәселесі, сауда-экономикалық байланыстар, идеологиялық-ақпараттық байланыстар, су-энергетикалық мәселелер, тағысын тағы. Әрқайсысында кикілжіңдер жетеді. Мысалы, өткен жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы түсініспеушіліктердің өзі бірталай нәрсені түсіндіреді. Сыртқы саудаға келгенде біздің аймақ елдерінің сыртқы саудадағы өзара айналымы 10 пайызға да жетпейді. Идеологиялық – ақпараттық саланы алып қарайтын болсақ та, өздерімізде болып жатқан түрлі құбылыстарды, оқиғаларды білмейміз. Бейхабармыз.

Сонымен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан президенттері және Түркменстан парламентінің жетекшісі қатысқан жиын. Ылғи Ресей қатысатын САММИТ-де ғана бірге жиналатын мемлекеттердің басшылары бірінші рет Назарбаевтың сөзімен айтқанда «үшінші біреусіз» бас қосты. Бірден тоқталатын деталь –кездесу идеясын көтерген Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев. Сөйдеп Н.Назарбаев айтты. «Сағынып қалдық», «Өзбекстан басшысы көрші елдердің соңғы 20 жылда жиналған проблемаларының тоңын жібітті», «сауда айналымы мүмкін еместей көрінген деңгейге өсті». Назарбаев Мирзиеевке деген ілтипатын жасырмады.

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан Респуликасының Президенті:

Только по железной дороге, Нурсултан Абишевич, на 44 процента увеличен товарооборот только за год. Так что я тоже очень рад. На самом деле на 44 процента, и как мы с вами договаривались, в этом году мы доведем до 3 миллиардов, но у нас свами поставлена задача - 5 миллиардов. 

Әрине, бұл экономика, сауда, шаруашылық мәселелерін талқылайтын консультациялық жиналыс деп түсіндіріледі. Себебі түсінікті... Дегенмен солай түсіндірілгеннің өзінде ең маңыздысы – Орталық Азия елдері өзара түсіністік орнатып, өзара тату болмаса, қауіпсіздік мәселесі бойынша да – Ауғаныстан тиіп тұр, қомақты инвестициялар тартып экономиканы тұралатпау бойынша да жеке-дара «жеміс» жей алмайтындарын мойындады. Тіпті «жемістер» бір-бірінде.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Допустим металл для того, чтобы строить ту же ГРЭС - Таджикистан. Вон, у нас Карагандинский металлургический комбинат производит сколько угодно той же арматуры, а они это ввозят из Европы.  Даже овощи, фрукты, которые уже сейчас созрели в Узбекистане, Таджикистане, а мы все равно клубнику возим из Израиля, видите ли. Это не простой вопрос - переломить чиновников, которые "сели" на этой торговле и им выгодно возить оттуда, известными своими друзьями там общаться и что-то получать, чем вот рядом получать - это большой вопрос.  

Сырдария мен Әмудария. Арал.Өңірдегі 70 млн адамның тағдыры байланған. Аралға байланысты алдағы тамызда Түркіменстанда САММИТ өтеді. 
Ал Ресей мен Қытай...

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

У нас есть огромные соседи - это Россия,  и Китайская Народная Республика, с которыми мы связаны большими контактами транспортными маршрутами - это Россия, а Шелковый путь - это Китай. Мы хотим и продолжим активно сотрудничать с этими большими соседями и большими рынками. Мы желаем все проведения хороших выборов в России, и конечно мы хотим успеха Владимира Владимировича Путина.  

Иә, ертең Ресейде президент сайлауы. Федералды жиындағы сөзінде қазіргі және... президенті В.Путин «Кинжал/қанжар» деген гипер дыбысты зымыран шығарғандарын мәлімдеген және Қорғаныс министрлігі «зымыран сынақтан өтті» деп бейнежазба таратқан. Сарапшылар бұл ракетаның «Искандер» кешенінің жетілдірілген түрі екенін айтқан. Путин ядролық және кәдімгі қару-жарақ таситын гипер дыбысты әуе зымыранының сағатына 12 мың шақырымды бағындыратынын сипаттаған.

Расул Жұмалы, саясаттанушы:

Қару-жарағын, қорғаныс әлеуетін арттыруға, дамытуға кез-келген мемлекет қақылы ғой, бұнымен тек Ресей емес, басқа мемлекеттер де айналысады. Бірақ бұны бір жарнамалап, жариялап, паш етіп көрсетіп, басқаларға бір сес көрсету тұрғысынан, басқаларды қорқыту тұрғысынан – осылай жасауы, менің ойымша, қай жағынан болмасын, сын көтермейтін шаруа.. Қазақстанға келсек, біз әлемге ашық мемлекетпіз. Біздің Батыс мемлекеттерімен қарым-қатынастарымыз жақсы. Ресей біздің жақын одақтасымыз болып табылады. Сонымен қатар біз Ресеймен бірқатар интеграциялық ұйымдарда мүшелігіміз бар. Оның ішінде саяси-әскери ұйым. Бұл ұжымдық қауіпсіздік ұйымы. Бұл ұйымның басты мақсаты, ұйымға мүше мемлекетке қастандық, қарулы әрекет жасалатын болса, оған басқа мемлекеттер келіп болысады, көмектеседі. Егер Ресей тарабы осы міндеттерді ескермей, басқа мүшелермен, одақтас мемлекеттермен еш кеңеспей, ақылдаспай, біржақты қатқыл әрекеттерге баруы бұл Ресейдің өзіне ғана емес, Қазақстанға қауіп келтірері анық.