Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы. Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау-Астана бағытындағы «Сары-Арқа» газ құбыры. Оны салу үшін «Самұрық-Қазына» жеке бір компания құрады, немесе еншілес кәсіпорнын тағайындайды. Жоба құны 267 млрд теңге. 30 процентін мемлекет өзі құяды, қалған 70 проценті қарыз болмақ. Инвесторларды жазға дейін табулары керек. Бірден газ бөлетін желілер жоспарланып, құбырмен қоса салынуы қажет. Биыл шілдеде басталатын құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс. Астанаға келетін газдың бағасы текше метрі үшін 47-50 теңге шамасында болуы мүмкін. Газ көмірден арзан бола алмайды, - деді Энергетика министрі Қ.Бозымбаев.
Ал біз құрғақ ресми ақпаратпен шектелмейміз. «Беларуссияның мұнайы жоқ, ал зауыттары Еуро 5 шығарады. Реконструкция жасалған, ұят емес пе?» немесе «мен Америкада 3 жыл тұрдым. Мұнайдың бағасы түссе, бензиннің де бағасы түседі. Бізде өсе береді. Бензиннің төмен түскенін көрдіңіз бе?»дейтін ардагер мұнайшы Меңдеш Салиховты Оралда жүрген жерінен жазып алдық.
Меңдеш Салихов, ардагер-мұнайшы:
Сол іске асып жатса, тез газдандырса, керемет болар еді. Сөзсіз ғой, енді. Қазір көмір, ағаш жағып отырғаннан гөрі. Қаншама түтін шығып жатыр. Экология жөнделіп кетеді. Ньюанстары бар. Газ таза болуы керек. Сухой газ болуы керек. Астанадағы сияқты қатты қысы бар жерде су болады. Тазалануы керек. Установкалар болу керек... Масқара ғой, Астанамызда газ болмағаны.Ұят емес пе? Ұят. Елбасы айтпаса, толған министр, үкімет не істеп отыр? Бір инициатива болмай ма? Ештеңе жоқ. Иә бензин болмай қалады. 80 млн (мұнай) тонна болып тұрып. Зауыттарға реконструкция жасаймыз дейді, әлі күнге дейін «ассаламағалайкүм»...