Русский Сайттың толық нұсқасы

Аягөзді су басты. Үйлер опырылды. Су басу туралы материал жылда жасалады...

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2018
  • 2283

Биыл Шығыс Қазақстандағы Аягөзді су басқанда бүкіл адамның денесі сондағы кісілермен бірге түршікті. Жаны солармен бірге шырқырады.

Су басу туралы жыл сайын материал береміз. Қайбір жылы «репортаждың келесі жылы да, одан кейін де жасалатынына күмән жоқ» деп едік. Өйтіп айтуға сәуегейлік керек емес, бәрі білетін нәрсе. Топан суға алдын-ала дайындалу, дамба-бөгет тұрғызу, арықтар қазу, барын тазарту және су шайып кететін аймақтардан адамдарды ақырындап көшіру - қарапайым схема сияқты. Соны істеуі керектердің шын мәнінде ақылсыз еместігі анық. Бірақ сайламайтындықтан және басқа да факторларға байланысты жұртты ойламайды. Басқа енді қалай айтуға болады? Тағы бір жағы –Мәжіліс депутаты Азат Перуашев үкімет пен ұлттық банктің азаматтарды мүлкін сақтандыруға жұмылдырмай отырғанын айтты. Тек банктерге қатысты проблемаларды шешуге шебер екендеріне тоқталды. 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мы считаем, что национальный банк, как регулятор финансовой системы не уделил должного внимания сентябрьскому поручению президента о развитии системы страхования и сосредоточился исключительно на проблемах банковского сектора.

Перуашев екі жыл бұрын Әділет министрлігінің баспананы төтенше жағдайдан міндетті түрде сақтандыру туралы заң дайындап жатқандарын хабарлағандарын, бірақ сол күйі хабарсыз кеткендерін, заңның парламенке түспегенін айтты.