Русский Сайттың толық нұсқасы

Еріктілер ШҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуде

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2018
  • 2606

Шығыс Қазақстанда тасқыннан зардап шеккендерге еріктілер көмек қолын созды. Атырау мен Павлодарда гуманитарлық көмек жинайтын арнайы штабтар құрылған. «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының бастамасымен аймақта 4 нысан іске қосылды. Сондай-ақ, бұл игі бастамаға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы үлес қосты. Мемлекеттік қызметшілер бір күндік еңбекақылары арнайы есепшотқа аударуды жоспарлап отыр. Негізінен азық-түлік пен киім-кешек, дәрі-дәрмек жиналып жатыр, деді аймақтағы партия өкілдері.

Данагүл Жайлаубаева,  «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:

Қаладағы осы көмектердің ұйымдастырылуына, олардың ШҚО жеткізілуіне бақылау жүргізіп бүгінгі таңда халық арасында көмек көрсетуді насихаттауды қолға алып отырмыз. 

Тасқыннан зардап шеккен аягөздіктерге Павлодар халқы да қол ұшын созды. «Жас отан» жастар қанатының бастамасымен наурыздың 13-інде өңірде тасқын-көмек бекеті ашылған. Игі шараға өңірдің барлық қала-аудан әкімдіктері, қоғамдық бірлестіктер мен қарапайым бұқара атсалысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, азаматтар тұрмыстық техника мен ақшалай да жәрдем беріп жатыр.

Санира Жүсіпова, Павлодар облысы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы:

Үш күннің ішінде 20 тонна цемент, 2 км электр желісі, 50-ге жуық техникалық құралдар жиналды және де кеңсе жабдықтары мектеп оқушыларына жиналып жатыр. Азық-түлік әкелінуде.