«Нұр
Отан» жапонның либерал-демократиялық партиясымен бірлесіп Астана мен Токио
арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға жұмыс істейді. Партия төрағасының бірінші
орынбасары Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті
елшісі Итиро Каватамен кездесті.
Қазақ-жапон әріптестігіне әсер ететін фактор - қос мемлекет басшыларының достастығы. Екеуі де өз елдеріндегі ірі партия
жетекшісі. Президенттің жаңғырту бастамасы аясында Қазақстан жоғары технология
дамыған Жапониямен қарым-қатынасты дамытуды қалайды.
Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Біз қарым-қатынастың нығаюына мүдделіміз. Әріптестерімізді Астанада көргіміз келеді. Былтыр біздің делегация барып келген. Жапондық әріптестеріміздің келуі екі жақты қарым-қатынасқа серпін береді деп ойлаймын.
Біздің
елдің тағы бір әріптесі - Германия. "Нұр Отан" партиясы төрағасының
бірінші орынбасары осы елдің Қазақстандағы елшісімен кездесті. Рольф Мафаэль
үкіметтік коалицияға кіретін жетекші партиялармен қарым-қатынасты дамытуға
септігін тигізетінін айтты. Мәулен Әшімбаев партияны жаңғырту бойынша негізгі
міндеттерді айтып берді.