Астанада
«Еліміздің жаңа есімдері» атты фотокөрме ашылды. Онда «Қазақстанның 100 жаңа
есімі» жобасының жеңімпаздары бейнеленген. Іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» Жолдауы негізінде ұйымдастырылды. Мақсаты - Тәуелсіз
Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың есімін елге таныту.
Игі
шараға бастамашы болған Ақпарат және коммуникациялар министрлігі. Бәйгеге
еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі мамандық иелері қатысты. Ең мықты деген 100
адам онлайн дауыс беру арқылы іріктелген. Наурыздың 21-іне дейін жалғасатын
фотокөрмеге кіру тегін.
Қайрат Үмбетов, ҚР Ұлттық гвардиясы 65\05 әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары:
Осындай көрмеде елдің дамуына
үлес қосып, мемлекеттің болашағы үшін тер төгіп жүрген адамдардың арасында болу - мен үшін зор құрмет, деп білемін. Өте қуаныштымын.