Егін егу науқаны жақындағанына қарамастан, Энергетика министрлігі дизель отынын жеткізу мәселесін шешкен жоқ. Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев осылай деді. Ол әсіресе, алматылық дихандарға қиын деп отыр.
Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:
Бекітілген облыстарды мұнай өңдеу зауытына бекітіп беру кестесіне қарамастан, ресурс ұстаушы «Петропрокс» ЖШС тарапынан Алматы облысының операторларына ақпан-наурыз айлары үшін дизель отынын жеткізу мәселесін Энергетика министрлігі шешкен жоқ. Ол 370 мың тонна.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы дихандардың көктемгі дала жұмыстарына 370 мың тонна дизель қажет. Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарынан шығару бағасын литріне 130 теңгеден, тоннасын 156 мың теңгеден белгілеген. Ал операторлардың жеткізу бағасын қосқанда, өңірлердегі орташа баға литріне 146 теңгені құрап отыр, - деді сала мамандары.
Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:
Бекітілген
баға 156 мың теңге тоннасына. Дегенмен бүгінгі таңда біздің ресурс иелері
орташа 160 пен 170 мың теңгеден сатып отыр. Сондықтан олардың қазіргі беріп
отырған жеңілдігі 14 мың теңгені құрап отыр тоннасына. Енді баға реттеу туралы
айтсақ, қысқа мерзімде баға өседі немесе төмендейді деген болжамымыз
жоқ.