Қызыл
судан қиналып қалған аягөздіктерге асарлап жиналған көмек жөнелтілді. Павлодар
облысы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен 5 күн бойы қажетті заттар
қабылданған. Гуманитарлық керуен түнде Шығыс Қазақстан өңіріне бет алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, игі шарадан аймақтың
бірде бір ірі кәсіпорны тыс қалмаған. Шағын ұжымдар мен қарапайым тұрғындар да
белсенділік танытыпты. Ауыр жағдайға тап болған отандастарына павлодарлықтар
көмектерін аямаған. Көрші облыстағы әріптестерімен байланыста болған
белсенділер қажет деген дүниелерді жинауға тырысқан. Оның ішінде маңыздысы -
құрылыс материалдары,- дейді жасотандықтар. 5 кг электр сымы, 1 мың шаршы метр
қара қағаз, 40 тонна цемент пен 1 мың шаршы метр линолеум. Сондай-ақ, алпыстан
астам тұрмыстық техника және 10 тонна азық-түлік жіберілді.
Санира Жүсіпова, Павлодар облысы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы:
Су
астында қалып жатқан үйлерге төсек орын ең қажетті деп ойлаймын. Ол матрацтар,
жастықтар, көрпелер. Мыңнан астам жиналды. Және де мектеп оқушыларына кеңсе
жабдықтарын жинадық.