Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл "Наурыз көже" құрамына қосылатын азық-түлік қымбаттады

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2018
  • 6890

"Наурыз көже" қанша тұрады? Статистика комитеті алғашқы айларда көже құрамына қосылатын заттардың қымбаттағанын хабарлады. Ұлттық тағамды әзірлеудің түр-түрі бар. Бірақ 7 қоспаның ішіне негізінен судан өзге түз, ұн, жарма не күріш, ет пен сүт өнімдері қосылады. Сонымен наурызда тұз 0,2 пайызға, ал өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға қымбаттаған. Жоғары сұрыпты ұнның келісі былтырғы бағадан 0,4 пайызға жоғары. "Наурыз көженің" басты қоспасы - тары - бір жыл ішінде 1,3 пайызға қымбаттаған. Ұлттық тағамға сүт өнімдерінен айран мен май қосылады. Биыл айран былтырғыдан 6,5 пайызға жоғары. Сары май бағасы бір жылда 10 пайызға артты. Қазақ үшін әр мерекеде еттің орны бөлек. Биыл сиырдың төсі-жауырын еті мен қойдың сүйекті жұмсақ еті де 10 пайызға қымбаттаған. Тек жылқы еті ғана былтырғыдан біршама арзан.