Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық киімдер мен киіз үйлерді жалға беру

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2018
  • 6739

Әз Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық киімдер мен киіз үйлерге сұраныс артады. Олардың жалға беру құны қанша? Сұранысқа ұсыныс бар ма? Ұлттық құндылықтарды насихаттап, нәпақа тауып жүрген жеке кәсіпкерлермен әріптесім тілдесіп келді.

Шағын шеберханамызда мынадай ұлттық киімдерге арналған бас киім болады. Мына ұлттық бас киімнің аты "қарақат" деген. Оны әшекелейміз мынадай кішкентай-кішкентай бұйымдармен. Жемчугпен өзіміз қолмен, одан да басқа шапкалар бар.

Айгүл Алхазованың шеберханасында жұмыс қызу. Былтыр ғана ашылғанымен, тапсырыс көп. Әсіресе, мереке қарсаңында. Әр мекемеде әз наурыз тойланатын болғандықтан, көбі жалға алады. Ұлттық киімдерді жалға беру құны 2 жарым мың теңгеден басталады. Ол киімнің тігу күрделілігіне байланысты.

Айгүл Алхазова, шеберхана басшысы:

Наурыз кезінде кәдімгідей адамдар желтоқсаннан бастап заказдар береді. Өйткені тек қана 1 адам емес, бізде биші қыздар заказ береді. Сондықтан олардың тапсырысы кәдімгідей 1 ай бұрын орындап беруіміз керек.

Шеберханаға келіп-кетіп жатқан адам көп. Бірі баласына ұлттық киім іздеп сабылса, қыз-келіншектер бешпент, комзол, ерлер жағы шапан қарап жүр.

Айжан Тілеубекова, ата-ана:

Мұнда жаңадан жасалынған әдемі костюмдер болды. Сол костюмді біз 3 жастағы қызыма алдым. Сапасы өте тамаша. Әдемі жасалған сәукелесімен бірге. Бір прокаты 3500 теңге ғана-ақ болды.

Әйгерім Мейрханова,тілші:

Астанада қазақтың киіз-үйін жалға беру ісі үлкен сұранысқа ие. Әсіресе, Наурыз мереке кездері. Мына артымда құрылып жатқан 8 қанатты киіз-үйді жалға беру бағасы 200 000 теңгені құрайды.

Киіз үйдің тілін білу - әркімнің қолынан келе бермейтін іс. 2013 жылы құрылған мына мекеменің қызметкерлері қазір ірі-ірі мекемелердің тапсырысын орындайды. Қаланың әр жерінде 6,12 қанатты киіз үйлерді орнатып жатыр. 6 адам жұмыспен қамтылған. 

Ақмарал Құрманова, жеке кәсіпкерлік мекемесінің менеджері:

Наурыз айында наурыз кезінде осы киіз-үйлерді жалға беру ұсыныстары өте көп түседі. 6 қанатты киіз-үйлер олар 150 000 басталады, қанаттары үлкейген сайын бағасы да өседі.

Ұлыстың ұлы күніне киіз-үйлерді жалға алып жатқан мемлекеттік мекемелерде ғана емес, сондай-ақ ауқатты азаматтардың арасында сұраныс мол. Киіз-үйге қажетті құрал-жабдықтар: сандық, кілем, түскиіз, түлкі, қасқырдың терілері жалға беру бағасына кіреді. Қазір 25 үй жалға беріледі. Сұраныс бар жерде ұсыныс бар. Сондықтан мекеме киіз үйлер санын көбейтпек.

Әйгерім Мейрханова