Наурыз
күндері Астанада 60-тан астам мерекелік шара өтеді. Шаһардағы басты алаңдарда
қала тұрғындары мен қонақтары таңғы 10-нан түскі 4-ке дейін концерттік
бағдарламалар тамашалай алады. Бұдан
бөлек, 21-25 наурызда Тәуелсіздік сарайында түрлі көрмелер өтеді. Бейбітшілік
және келісім сарайында екі күн қатарынан «Әзіл әлемі» концерті жоспарланған.
Бекзат өнер қызықтаушылары 22-сі мен 24-інде "Астана-Операда"
Брусиловскийдің «Қыз Жібегін» тамашалай алады. "Астана концерт
залында" "Шаншар" әзіл кеші жоспарланған. Бұл күндері Қалибек
Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры да көрермендеріне тарту жасайды.