Сайлаудың шынайы әрі ашық
өтуін елдегі қоғамдық ұйымдар да бақылайтын болады. Бұл туралы Алматыда өткен
баспасөз жиынында белгілі болды. Шамамен 100-ден аса белсенді алдағы саяси
додада дауыс беру процесін бастан-аяқ қадағаламақ. Мұндай мониторингті 14
облыс пен Алматы, Астана қалаларында өткізуді жоспарлап отыр. Қандай да бір
заңға қайшы бұрмалаушылықтар тіркелген жағдайда, әлеуметтік желіде арнайы бет ашып, сонда
фото-бейнежазбаларды жарияламақшы.
Айгүл ЕРМАХАН