Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауыл» ХДПП отандық кәсіпорынның санын арттыруға мүдделі

  • AstanaTV
  • 23 ақпан 2016
  • 1515

«Ауылдықтар» отандық кәсіпорындар санын арттыруға мүдделі. Бүгін «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының қоғамдық штаб өкілдері Астанадағы өндіріс орталықтарында болды.

«Александров» деп аталатын жеке кәсіпорынның еңбеккерлерімен жүздескен белсенділер сайлауалды тұғырнамасын оларға таныстырды. «Ауыл дәстүрін жаңғыртамыз!» атты бағдарлама бұдан кейін шұжық цехының ұжымына да таныстырылды. «Ауыл» партиясы өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын жұмысшыларымен тікелей кездесу мән-жайды мұқият зерделеуге мүмкіндік береді. Партияның сайлауалды бағдарламасында мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

Әли Бектаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу ауыл шаруашылығы өнімін өндірудегі ең негізгі процесс болып есептелінеді. Сондықтан біздің экономикамыз үшін, соның ішінде ауыл шаруашылығының экономикасы үшін осындай қайта өңдеу кәсіпорындарының орны ерекше. Біз өзіміздің сайлауалды бағдарламамызда осындай кәсіпорындарды аралаудан бастап отырмыз.

Хамит Шалданбаев, цех қызметкері:

Шұжыққа қажетті еттерді Оңтүстік Қазақстаннан, Солтүстік Қазақстаннан, сол облыстардан келеді. Фермерлердің жағдайының жақсы болғаны - ет көп болғаны. Енді бізге де арзан болып келеді. Арзан болып келгеннен кейін, шұжық та арзан болып шығады.

Құралай ПИОНЕР