Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысының Верх-Уба ауылынан 65 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2018
  • 2950

Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне 289 миллион теңге бөлінді. Аймақ басшысы құтқарушылар көктемгі су тасқынымен күресу үшін қажетті заманауи қондырғылармен жарақтанып, жабдықтарын жаңартуы тиіс деді. Қазіргі таңда облыстағы 3 қала мен 11 аудан қызыл сумен күресіп жатыр. Әлі 105 тұрғын эвакуациялау бекеттерінде, тағы 900 жапа шегуші туыстарының үйлерін паналаған.

Ал түнде құтқарушылар Шемонаиха ауданының Верх-Уба ауылының 65 тұрғынын эвуакуациялады. Олардың 13- і бала. Құтқарушылардың айтуынша, тасқынға жауын-шашын себеп болған. Жаңбырдың суы тоң болып қатып жатқан жерге сіңбей, жылғал армен ағып ауыл маңындағы өзендердің арнасынан асырған. Тасыған су елді мекенге жеткен. Оба өзеніндегі сеңнің кептелісі жағдайды тіпті қиындатты. Мұзды шұғыл жару үшін жарылғыш заттар қолданылды

Анастасия Скляр, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

Қазір басты күштер Глубокое және Шемонаиха аудандарына жұмылдырылды. Ол жерлерге Алматы мен ОҚО- нан, Павлодардан қосымша көмек пен қаражат жеткізілді. Дағдарыс орталығында тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп тұр. Бүгін өңірге Ішкі істер министрінің орынбасары  Юрий Ильин жұмыс сапарымен келді. Ол екі күн бойы су басқан ауылдардағы жағдаймен танысады.

Ал бұл жағдайды көрші Выдриха ауылының тұрғындары түсіріп алған. Қапаланған жүргізуші жолда жүріп жатқан селден өтемін деп суға кете жаздаған. Ер адам әрең дегенде жүзіп бара жатқан көліктен секіріп үлгеріпті. Кадрда машина жолдың шетіндегі қоршауға ілініп қалған соң ғана аман қалғаны анық көрінеді.