Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2018
  • 4362

Шығыс аймақта 141 тұрғын үй мен 596 саяжай суға кетті. Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі әсіресе Семей қаласы, Шемонаиха және Глубокое аудандары қатты зардап шегіп отырғанын хабарлайды. Ал ШҚО төтенше жағдайлар департаменті дерегінше, 300-ден астам адам уақытша паналау бекетіне орналастырылып, ыстық тамақ берілген. Олармен психологтар айналысып жатыр.

Семей әкімі Ермак Сәлімов қалада табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялаған. Ертістегі мұз жару жұмыстары бүгін де жалғасты. Семейде арнайы комиссия тасқыннан келген шығынды есептеуге кіріскен. Еске салсақ, Шүлбі гидростансасынан жедел түрде су жіберіліп, Семейдің іргесімен ағатын Ертіс өзені арнасынан асып кетті. Осылайша жағалаудағы үйлерді су басты. Енді бұл су Бесқарағай ауданындағы 11 елді мекенге қауіп төндіріп отыр. Қазір мұнда су тасқынының алдын алу жұмыстары қолға алынған.

Ермак Сәлімов, Семей қаласының әкімі:

Мұздың көбесі әлі сөгілмеген. Сондықтан мұз жару жұмыстарын бүгін-ертең жүргізуге мәжбүр болып отырмыз. Мұзды бөлшектеп жарып, сумен оңай ағып кетуі үшін жұмыстар атқарудамыз.

Сең жүрген кезде Семейдегі кеме жөндеу зауыты да зардап шекті. Кәсіпорын қызметкерлері алып баржаны мұздың алып кеткенін видеоға түсіріп алыпты. Осы кезде жағада тұрған кемелер де бүлініпті.