Иранға
қарсы санкцияны күшейту керек. Сауд Арабиясының тақ мұрагері халықаралық
қоғамдастықтарды осыған үндеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Эр-Рияд
Тегеранды Йеменге қару мен зымыранды заңсыз тасымалдап жатыр деп айыптап отыр.
Сауд Арабиясының ханзадасы әсери қақтығысты қатаң санкция арқылы шешу керек деп
отыр. Олай болмаған жағдайда 10-15 жылдан кейін Иранға соғыс ашатынын
мәлімдеді. Мұны тақ мұрагері Wall Street
Journal-ға берген сұхбатында айтқан.