Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларға қатысқан 12 мыңнан астам жеткізушіні қара тізімге енгізген

  • AstanaTV
  • 30 наурыз 2018
  • 3034

Қаржы министрлігі міндеттемелерін дұрыс орындамаған 12 мыңнан астам жеткізушіні қара тізімге енгізген. Енді олар мемлекеттік сатып алу істеріне тек 2 жылдан соң қатыса алады. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар Қаржы министрлігінің өкілі Сәбит Ахметов мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір жүйенің элекронды форматқа өтуіне орай жұмыста айтарлықтай ашықтық пайда болып, жұмыс оңтайлана түскен. Бұрын бір байқауға екі мекеме қатысатын болса, қазір ол төртке жеткен. Десе де тендерге түскенде төмен баға ұсынып, кейін міндеттемелерін орындай алмайтындардың саны да азаймай тұрған көрінеді.

Сәбит Ахметов, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің басшысы:

Оны сотқа беріп, сот шешімі шыққанша ол қатыса беретін. Қазір оған тосқауыл қойылған. Қазір оған келісімшарт 3 жұмыс күні ішінде қол қойылмаса, 4-ші күні ол реестрге енгізіледі.