Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысынан ШҚО-ға құтқарушылар көмекке аттанды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2018
  • 3792

Шығыстағы тасқыннан зардап шеккендерге қол ұшын созуға Оңтүстік Қазақстаннан көмек күші жөнелтілді. Аймақтан аттанған 26 құтқарушының 10-ы  төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының қызметкерлері.  Тағы 16 адам Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан. Олар су басқан елді мекендерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізеді. Өздерімен бірге отыз су соратын құралды да қоса әкетті. Айта кетерлігі, департамент басшысы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша әрбір құтқарушымен жеке нұсқау өткізген.

Сандуғаш Лесбек, ОҚО ТДЖ бас маманы:

Құтқарушылар аталған оқиға орнында жағдай тұрақталғанға дейін, бәлкім, 10 күн, бір апта, жағдай толығымен тұрақталғанға дейін, сол жерде, оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізетін болады.