Русский Сайттың толық нұсқасы

№ 36 балабақша бүлдіршіндері нәжістен инфекция жұқтырғаны белгілі болды

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2018
  • 4021

Астанадағы аты шулы № 36 балабақша бүлдіршіндерінің инфекцияны нәжістен жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарлап отыр. Мамандардың хабарлауынша, мекемеде жеке бастың тазалығы сақталмағандықтан, қарым-қатынас арқылы инфекция таралып кеткен. Сондай-ақ, ақ халаттылар, елорданың 15 мектепке дейінгі ұйымын тексерістен өткізген. Бұл балабалақшалардан да осыған ұқсас кемшіліктер анықталғаны белгілі болды. Әзірге инфекцияға шалдыққандар тіркелмеген. Мамандар қазір алдын алу шараларына кірісіп кеткенін айтып отыр.

Насима ЖүнісоваАстана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

Фекальный-оральный дейді енді. Негізінде су арқылы тамақ арқылы және контакті арқылы таралатын ауру түріне жатады. Осы жағдайда негізінде балабақшада ауыз су арқылы және тамақ арқылы деп таралды деп айтпаймыз. Бұл негізінде контакт, қатынас арқылы таралған аурушаңдыққа жатады.

Бұған дейін №36 балабақшада 18 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Бұл оқиғадан соң мекеменің меңгерушісі мен медбикесі қызметтерінен босатылды.