Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясы зейнеткерлерді компьютерлік сауаттандыру бастамасын жүзеге асыра бастады

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2018
  • 2722

Қазақстанда халықтың 40 пайызы интернетті белсенді пайдаланады. Демек, компьютерді толыққанды игермеген адамдар саны әлі де көп. «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы биылдан бастап «E-nsionery» деп аталатын жобаны қолға алды. Енді зейнеткерлердің де ақпараттық технологияны игеруіне мүмкіндіктер жасалмақ. Алматыда пилоттық жоба ретінде егде жастағы адамдарға компьютерді қолдану үйретіліп жатыр. Білім жетілдіруге 50 жастан асқан кез-келген адам келе алады. Тегін курстар екі айда компьютер, интернет желісін және әлеуметтік желілерді пайдалануға үйретеді. Өткен бір айда қалада 50-ге жуық адам осы курсты оқып, сертификат алған.

Кеңесбек Несіпбаев, зейнеткер:

Поштаға барып, квитанциямен төлегенде кезекте отырасың. Қазіргі заманда әншейін үйде отырып, бәрі сол жеңілдік қой енді. Пенсияның өзін де кезексіз, арнайы код арқылы алып жатырмыз. Солардың бәрін үйретіп жатыр бұлар.

Қайыммұнар Тәбеев, «Нұр Отан» партиясы АҚФ төрағасының орынбасары:

Пилоттық жоба ретінде Халықаралық ақпараттық технология университетінде бір ай жүзеге асырдық. Енді қала бойынша, мүмкін болса, еліміз бойынша таратуға болатынын айту үшін бас қосып отырмыз.