Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе қаласы маңында шағын автобусқа қарулы шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2018
  • 3179

Ақтөбе маңында шағын автобусқа қарулы шабуыл жасағандар іздестіріліп жатыр. Ішкі істер департаментінің өкілдері бұған білікті мамандар тартылғанын айтты. Оқыс оқиға өткен демалыс күндері болған. Қарақшылар Ақшат елді мекеніне жақын маңда, жол жиегінде тұрған «Мерседес» маркалы шағын автобусқа оқ жаудырады. Іле шала, ақша мен алтын бұйымдарды алып кеткен. Ресейден Бішкекке жол тартқан көлік Қырғызстан азаматына тиесілі,- деді құзырлы орган өкілдері. Бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Ерболат Сарқұлов, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Жәбірленуші дене жарақатымен Ақтөбе қаласының ауруханасына жеткізілді. Қарақшылық дерегі бойынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Және де осы қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлерімен іздестірілу шаралары жүргізілуде.

Қарақшылық шабуыл салдарынан Тәжікстанда туып-өскен Ресей азаматы жараланды. Қылмыскерлер оның кеуде тұсы мен қолына бірнеше мәрте оқ атқан. Ауруханаға ауыр халде түскен ол дәрігерлердің бақылауында.

Олег Хан, травматолог-дәрігер:

Жан сақтау бөліміне аса ауыр жағдайда жеткізілді. Көп қан жоғалтқан. Бірнеше жерінен оқ тиген. Оған көмек көрсетілді. Қазір жағдайы тұрақты. Әзірге осында болады. Оқ әсіресе кеуде тұсын қатты жарақаттаған.