Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда тек 3 сауда орталығы ғана өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болып шықты

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2018
  • 2972

Қазақстанда 3 сауда орталығы ғана өрт қауіпсіздігі талаптарына толық сай болып шықты. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді. Ресейдің Кемерово қаласындағы алапат өрттен кейін еліміздегі сауда орталықтары жаппай тексерілген.  Республика бойынша 308 тексеру шаралары қолға алынған. Қазіргі таңда 75 тексеру жұмыстары аяқталып, мыңнан астам бұзушылық анықталған. Олқылыққа жол берген кәсіп иелеріне 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Комитет төрағасының айтуынша, ірі сауда орталықтары ең көп шоғырланған аймақ Қарағанды облысы екен.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ ТЖ комитетінің төрағасы:  

Тексеру кезінде сауда орталықтарында қосалқы есіктердің болмауы, өрт сигналдарының істен шығуы мен өрт сөндіргіш  құралдардың жоқ екені анықталды. Талапқа сай келмеген сауда орталықтарының басшылары әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды. Жұмыстар ары қарай жалғасады.