Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы нарығы тұралап тұр - ҰЭМ

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2018
  • 3616

Қазақстанда тұрғын үй құрылысы нарығы тұралап тұр. Жыл басынан бері салынған құрылыс нысандары өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.

Биыл қаңтар-ақпан айларында 1,9 млн шаршы метр үй салынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,6% төмен. Ал 2015-2016-шы жылдардағы осы мерзімде тұрғын үй құрылысы 44,7% артқан. Аймақтарды алсақ, Алматыда тұрғын үй құрылысының 75,5%, Солтүстік Қазақстанда  47,1% және Оңтүстік Қазақстанда 25,4% тұралап қалғаны байқалады. Бұл соңғы 5 жылда болмаған көрсеткіш. Кері кеткен саланың жұмысына тек Ұлттық банк серпін береді деген сенім бар. Бас банк Елбасының «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалыспақ ниетте.