Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананы құрылыс қоқыстарынан тазарту үшін жылына 150 млн теңге бөлінеді - ҮЕҰ

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2018
  • 2091

Астананы құрылыс қоқыстарынан тазарту үшін жылына 150 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығының өкілдері хабарлады. Қоршаған ортаны көбіне қоқыстар, шаң және құрылыс жұмыстарынан қалып қойған заттар ластайтын көрінеді. Елорда әкімдігі жариялаған ақпаратқа сай, қалдықтарды бейберекет қалдырып кететіндер соңғы екі жылда азайған. Бұл ретте қолданылатын шараларды қатаңдату туралы ұсыныс айтылды. Мамандардың сөзінше, құрылыс компаниялары қоқыс қалдықтарды жинаудан гөрі, айыппұл төлеп құтыла салатын көрінеді. Өйткені оның мөлшері тым аз.

Елдос Абақанов, "Қазақстан экологиялық ұйымдары" қауымдастығы төрайымының орынбасары:

Ең көп салынатын құрылыс - ол Астана қаласы. 2 млнға жуық шаршы метр салынады. Соның негізінде Астана қаласына біздің осы қауымдастық осы модельде жұмыс істеп, құрылыс саласы мамандарымен, құрылыс саласында жұмыс істеп жүрген кәсіпорындарымен бірігіп, бір нақты шешімге келуге бағытталып отырмыз.